Кәмелетке толмағандар арасында рейдтік шаралар өткізді
Кәмелетке толмағандар арасында рейдтік шаралар өткізді
Жамбыл облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында рейдтік шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 23-28 қарашасы аралығында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа жол бермеуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді.
Іс-шара барысында облыс бойынша ішкі істер органдарына 108 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 165 ата – ана және өзге де ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде, ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін бір ата-ана, 19 кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін сегіз түрлі кафе-бар иелері, алкоголь өнімдерін сату туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін сегіз дүкен иесі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 89 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар өзге де құқық бұзушылықтарға жол берген 40 ересек адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бір апта ішінде бес жасөспірім және екі қолайсыз отбасы есепке қойылды. Кәмелетке томағандарды бейімдеу орталығына бір жасөспірім орналастырылды.