Заң

Мал базарларында ұрланған мал сатыла ма?

Мал базарларында ұрланған мал сатыла ма?

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мақсат Юсуповтың қатысуымен «Жамбыл облысы аумағында мал ұрлығын алдын-алу және ашу жұмыстарының жәй-күйі туралы» онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Мақсат Мүсірепбекұлының айтуы бойынша, ұдайы түрде атқарылатын іс-шараның бірі – мал ұрлықтары жиіліген аймақтарды анықтап, мал тасымалдау және айдап алып кету жолдарына тосқауыл қою жұмыстарын ұйымдастыру. 

Полиция полковнигі ұрланған мал базарларға не болмаса, ет өнімдерін өткізу орындарына тасымалданатынын айтады. Осыған орай, облыс аумағындағы 8 мал базарларында мұндай жағдайларды болдырмау үшін жаяу патрульдер мен мобильдік топтар  жұмысы жолға қойылған. Олар алдына-ала бекітілген маршруттар мен кестеге сәйкес жұмыс жүргізеді.