Мемлекет қаржысына алынған құрылғылар бос жатпауы керек
Мемлекет қаржысына алынған құрылғылар бос жатпауы керек
«Антикор» орталығында «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің бейнетіркегіштердің пайдалануына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы жиын өтті. Зерделеу барысында аталған мекеме өткен жылдың соңында 2 503 900 теңгеге 49 дана бейнетіркегіш сатып алғандығы анықталды. Дегенмен, аталған құрылғы әлі күнге дейін қызметкерлерге пайдалануға берілмеген. Сонымен қатар, кеуде бейнетіркегіштерін пайдалану тәртібін, бейнематериалдарды бейнетіркегіштен сақтауға беру тәртібін регламенттейтін ведомстволық құқықтық акт бекітілмеген. Зерделеу қорытындысы бойынша жыл басында ұсыныс берілген. Алайда, 2020 жылдың 14 қазанында «Қарасу» «Сыпатай Батыр», «Айша Бибі» мемлекеттік кеденінде орналасқан ветеринариялық бекеттеріне мониторинг жүргізлу кезінде мүлдем бейнетіркегіш жұмыс барысында пайдаланбайды. Мемлекет бюджетінен қаржы бөлініп алынған құрылғылар бос жатпай, жұмыс барысында қолданылуы тиіс. Бұл сауалды мәжіліс отырысына қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Превенция және Парасаттылық» басқармасының басшысы Дәурен Омаров көтерді. Өткен жылы сатып алынған техникалық құрылғылар қоймада шаң басып емес, қызметкерлердің пайдасына жараса игі. Аталған мекеме басшысы бейнетіркегіштерді пайдалану жөнінде арнайы алгоритм мен нұсқаулықтар әзірленіп жатқандығын алға тартты. Құжаттар жыл соңына дейін заңды күшіне енбек.