Заң

Нұр-Сұлтанда арнайы операция кезінде ірі мөлшердегі есірткі мен қару тәркіленді

Нұр-Сұлтанда арнайы операция кезінде ірі мөлшердегі есірткі мен қару тәркіленді

Нұр-Сұлтанда полицейлер арнайы операция өткізді. Нәтижесінде тұрақты түрде елордаға есірткі заттарын жеткізіп тұрған "арна" жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі 29 қаңтарда есірткі өткізу кезінде Жамбыл облысының 37 жастағы тумасы ұсталғанын хабарлады. Арнайы операция барысында одан аң аулайтын АКСУ автоматы мен елуге жуық патрон тәркіленді. Іс бойынша сараптама тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі "Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" және ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі "Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.