Петропавлда 33 жастағы азамат синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
Полиция мәліметінше, сондай-ақ оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан тағы үш түйіншек табылды
Петропавлда 33 жастағы азамат синтетикалық есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Петропавлда тұрақты табысы бар 33 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оны үшінші қалалық аурухана маңында қылмыс үстінде ұстады. Жеке тінту барысында ер адамның жанынан түсті зат салынған жиырма екі түйіншек тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, сондай-ақ оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан тағы үш түйіншек табылды.