Петропавл қаласында жүргізілген рейд барысында полицейлер бұрынғы орталық көтерме базар маңындағы гараж кооперативтерінің бірінен спирт құрамды өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz. cілтеме жасап.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары көлемі 5 литрлік 30 пластик бөтелкені және 0,5 литрлік 8 шыны бөтелкеге құйылған спирт құрамды өнімдерді тәркілеген.
Белгілі болғандай, жасырын түрде сатылған бұл тауарлардың ешқайсысында акциздік марка болмаған. Сонымен қатар олардың қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттар да табылмаған. Осыған байланысты гараж иесіне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген спирт мөлшері 150-ден астам ұзаққа созылатын ішімдік отырысын өткізуге жетер еді. Ал суррогат алкоголь қолданылатын мұндай жағдайлар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалу қаупін айтарлықтай арттырады.
– Алкоголь – жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың, бөтен мүлікке қол сұғудың, бұзақылық әрекеттердің, түнгі уақытта тыныштықты бұзудың және өзге де құқық бұзушылықтардың жиі кездесетін себептерінің бірі. 10 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Алкоголь айналымына қатысты заңнаманың сақталуын бақылау – криминогендік жағдайды тұрақтандыру, заң мен тәртіпті нығайту жолындағы полицияның маңызды міндеттерінің бірі, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Иса Мустафин.
МӘМС аясында күндізгі стационарда ем алуға болады
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 40 шетел азаматы елден шығарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 ақпан, 2026




