Заң

Семейде кәмелетке толмаған балаларды зорлаған студент өмір бойына сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты зорлау, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, айыптау актісіне сәйкес қылмыстар 2022 жылдың мамырында және 2025 жылдың қаңтарында Семейде жасалған. Жәбірленушілердің жасы – 12 және 13 жаста.

Сот үкімімен жас жігіт кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты кез келген қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.