Заң

Шу ауданының тұрғынынан 27 келіден астам есірткі табылды

Шу ауданының тұрғынынан 27 келіден астам есірткі табылды

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 келі 120 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты, 210 грамм "гашиш", сондай-ақ 17 келі 480 грамм марихуана тұқымы салынған 14 пластикалық ыдыс пен қаптар табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков тәркіленген 17 келі 480 грамм тұқымнан қылмыскерлер 2 гектарға дейінгі алқапқа марихуана өсіре алатынын атап көрсетті .