Шымкент қаласының тұрғыны «Instagramда» заңсыз лотерея ұйымдастырып, 96 млн пайда тапқан
Ол 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойнатқан
Шымкент қаласының тұрғыны «Instagramда» заңсыз лотерея ұйымдастырып, тиісті лицензиясысыз, заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойнатқаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, қылмыскер лотерея ұтысы ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылған. Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылған.
Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асырған (1 данасын – 5000 теңгеге, 3 дана – 10000 теңге, 6 дана – 20000 теңге, 12 дана – 40000 теңге, 30 дана – 100000 теңге). Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған.