Шымкентте алимент төлемеген азаматтардың көлігі айыптұраққа қойылды
- авторМағжан Орынбасар
- 19 тамыз, 2025
- 765
Шымкент қаласында прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, алимент өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара барысында жеке сот орындаушыларының қатысуымен борышкерлердің атына тіркелген автокөліктер тексерілді.
Прокуратураның тапсырмасымен 36 алимент төлемей жүрген тұлғаның көлігіне қатысты ұстап, арнайы тұраққа жеткізу туралы қаулы шығарылды.
- Олардың ішінен «Сергек-Қорғау» жүйесі мен Жедел басқару орталығының көмегімен анықталған 7 көлік айыптұраққа жеткізілді. Бір күн ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 4,7 млн теңге көлемінде алимент қарызы өндірілді. Прокуратура баланың құқықтары мемлекет қорғауында екенін, ал алимент төлеуден жалтару — қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, - делінген хабарламада.
Тараздағы мопедшілер тәртіпке келе бастады
Ұқсас жаңалықтар
"Заңсыз айналым": Биыл елімізде 118 қару мен 15 граната тәркіленген
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2026
«Қаржы пирамидасына қатысы бар»: Күдікті Грузиядан елге жеткізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026






