Шымкентте зауыт директоры заңсыздықты анықтаған жедел топқа ірі көлемде ақша ұсынған
- авторjambylinfo.kz
- 15 маусым, 2024
- 482
Шымкенттегі кәсіпорында заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін спирт зауытының басшысы құқық қызметкерлеріне пара ұсынған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Арна тілшілері Шымкентте Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған алкоголь өнімін өндіріп, сататын астыртын цехты әшкерелегенін хабарлады. Олар жергілікті зауытта өндірілген алкогольді шикізат ретінде пайдаланған.
Оқиға орнына барған жедел топ өрескел заңбұзушылықтарды анықтағанымен, зауыт қожайыны істі жабу үшін қызметкерлерге 20 мың доллар және тағы миллион теңге пара ұсынған. Нәтижесінде астыртын цехты ұйымдастырушылар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, ал спирт зауытының директоры ірі көлемде пара берді деп айыпталып отыр.
"Соталды тергеу барысында Шымкент тұрғындары жалған алкоголь өнімін одан әрі өндіру үшін зауыттан алкоголь сатып алғаны анықталды. Осыған байланысты тергеу органы спирт зауытының қызметіне тексеру жүргізді, оның барысында есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру дерегі анықталды. Сонымен қатар, мереке және демалыс күндері есепке алынбаған спиртті заңсыз жөнелтудің мән-жайы анықталды, бұл "этил спиртін сақтау және өткізу ережесін" бұзуға әкеп соқтырды", - деді Шымкент прокуратурасының бірінші бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Карманов.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз