Заң

Шымкентте зауыт директоры заңсыздықты анықтаған жедел топқа ірі көлемде ақша ұсынған

The final spritzer

Ұсынылған қаржы көлемі 20 мың доллар және тағы миллион теңге

Шымкенттегі кәсіпорында заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін спирт зауытының басшысы құқық қызметкерлеріне пара ұсынған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Арна тілшілері Шымкентте Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған алкоголь өнімін өндіріп, сататын астыртын цехты әшкерелегенін хабарлады. Олар жергілікті зауытта өндірілген алкогольді шикізат ретінде пайдаланған.

Оқиға орнына барған жедел топ өрескел заңбұзушылықтарды анықтағанымен, зауыт қожайыны істі жабу үшін қызметкерлерге 20 мың доллар және тағы миллион теңге пара ұсынған. Нәтижесінде астыртын цехты ұйымдастырушылар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, ал спирт зауытының директоры ірі көлемде пара берді деп айыпталып отыр.