Заң

Сотталғандар макарон және нан өнімдері дайындайды

Сотталғандар макарон және нан өнімдері дайындайды

Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілердің түзелуінің негізгі кепілі – олардың жұмыспен қамтылуы. Сол себепті, сотталғандарды жұмысқа тарту қылмыстық-атқару жүйесінің басты бағыттарының бірі.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесіндегі жазасын өтеушілер мекеменің өндіріс аумағындағы «Еңбек-Тараз» филиалының наубайханасында еңбек етіп, күн сайын 2200 нан өнімдерін шығаруда. Осылайша, жұмыспен қамтылған 30 сотталған азамат өңірдегі 5 түзеу мекемелерін нанмен қамтамасыз етіп отыр.

Айта кетейік, қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіндегі наубайханада жылына 1000 тонна нан өнімдері және мекемедегі макарон дайындау учаскесінде жылына 40 тонна макарон өнімдері дайындалады.