Төленген артық салықты қайтару электрондық база деректері негізінде жүзеге асырылады
Төленген артық салықты қайтару электрондық база деректері негізінде жүзеге асырылады
Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Осы заңға сәйкес салықтың артық және қате төленген сомасын есепке алу және қайтару бөлігінде өзгерістер енгізілді. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу бойынша талап қою мерзімі нақтыланды.
Мемлекеттік бажды қайтару үшін талап қою мерзімі ол төленген күннен бастап үш жылды құрайды. Заңда осы норманың 2020 жылдан бастап қолданылуы көзделген. Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді әділет органдарына ұсыну мерзімі қысқарды.
Мемлекеттік кірістер органдарында дербес шоттар жүргізілмейтін және басқа уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін бюджетке төленетін алымдар бойынша, тиісті уәкілетті орган берген, олардың іс-әрекеттерді жасамағанын растайтын қосымша құжаттарды ұсынбай, артық төленген соманы қайтару мүмкіндігі көзделген. Қайтаруды электрондық базаның деректері негізінде жүзеге асыру көзделген. Бұл норма да 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасын есепке жатқызу жеңілдеді.
Бұл норма да 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу оннан бес жұмыс күніне дейін қысқарды.
baq.kz