сәрсенбі, 9 сәуір, 2025 13:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістанда «снюс» дайындалған жасырын цех анықталды

Түркістанда «снюс» дайындалған жасырын цех анықталды
Бас прокуратура
Нысан Сайрам ауданында орналасқан

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және кезең-кезеңімен арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті шегілмейтін темекі өнімдерін (Снюс) шығаратын кіші цехтың қызметін әшкереледі,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шикізатты дайындаудан бастап, көтерме жеткізушілер арқылы Астана мен Алматы қалаларындағы ірі сауда арналарына дейінгі қылмыстық әрекеттің барлық схемасы әшкереленген.

Нысан Сайрам ауданында орналасқан, оның аумағы 1000 шаршы метрден асады.

- Тінту барысында, оның ішінде сауда нүктелерінде тыйым салынған өнімдер, оның ішінде оны өндіруге арналған жабдықтар, 10 млн данадан астам қаптама, 14 тоннадан астам темекі, сондай-ақ әртүрлі хош иістендіргіштер мен улы қоспалар тәркіленді. Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 301-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар