Заң

Түркістанда «снюс» дайындалған жасырын цех анықталды

The final spritzer

Нысан Сайрам ауданында орналасқан

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және кезең-кезеңімен арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті шегілмейтін темекі өнімдерін (Снюс) шығаратын кіші цехтың қызметін әшкереледі,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шикізатты дайындаудан бастап, көтерме жеткізушілер арқылы Астана мен Алматы қалаларындағы ірі сауда арналарына дейінгі қылмыстық әрекеттің барлық схемасы әшкереленген.

Нысан Сайрам ауданында орналасқан, оның аумағы 1000 шаршы метрден асады.