дүйсенбі, 16 наурыз, 2026 19:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістанда тұрмыстық қалдық тарифтері заңсыз есептелгені анықталды

Түркістанда тұрмыстық қалдық тарифтері заңсыз есептелгені анықталды
Фото - ашық дереккөз
Сонымен қатар бірқатар лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға қатысты тарифтерді есептеудің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ведомство дерегіне сәйкес, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жұмыстары орындалмаған және орындауға құзіреттері болмағанына қарамастан, негізсіз төлемдер алынғаны анықталды.

— Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 8 ауданда (Түркістан қаласы, Шардара, Мақтаарал, Түлкібас, Қазығұрт, Келес, Отырар және Төлеби) тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу қызметтері алынып, нәтижесінде тарифтер төмендетілді. Бұрын төленген қаражатты келесі төлем кезеңдерінде есепке алу арқылы қысқартуға қол жеткізіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметін көрсетуді конкурс өткізу арқылы жүзеге асырмаған 11 ауданның (Арыс, Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Түркістан, Түлкібас және Төлеби) әкімдіктің лауазымды тұлғаларына ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабы 1-бөлігімен үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әкімшілік айыппұл салынып, 5,4 млн теңге мемлекет бюджетіне өндірілді.

Түркістан облысы прокуратурасының сайты мәлім еткендей, қазір қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметін көрсету құқығы міндетті түрде конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылу сатысында. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар