Заң

Түркістандық шенеуніктер мердігердің қаржысын 3 жылға кешіктіріп төлеген

Осылайша компания әкімдіктен тұрақсыздық айыбын өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген

Түркістандық шенеуніктер мердігердің қаржысын 3 жылға кешіктіріп төлеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2019 жылы наурыз айында «Дорстрой» ЖШС мен Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында Түркістан қаласындағы автожолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған. Аталған құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында аяқталып, тапсырыс беруші нысанды қабылдап алған.