сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 15:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда есірткі тасымалдаумен айналысқан күдікті қолға түсті

Таразда есірткі тасымалдаумен айналысқан күдікті қолға түсті
Фото: Polisia.kz
Полицейлер есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтап жатыр.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азаматты ұстады,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Polisia.kz.сілтеме жасап. 

Жеке тінту барысында одан қара изолентамен оралған, ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған 15 зип-пакет табылып, тәркіленді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті мессенджер арқылы есірткі жасырылған орындардың координаттарын алып отырған. Одан кейін ол Алматы және Тараз қалалары аумағында есірткі таратумен айналысып, жасырын орындардың координаттарын белгілеп, фотоесептерді өзінің жетекшісіне жіберіп отырған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат Альфа-PVP психотроптық заты болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар