Татуластыру рәсімдерін қолданудың артықшылығы көп
Қазақстанда татуластыру рәсімдерін қолдану саласы кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен тараптарды татуластыру рәсімдеріне арналған шараларды және процестің барлық сатыларында дауды реттеуге соттың жәрдемдесуін көздейтін тұтас тарау арналған. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ержан Қалымханов татуластыру рәсімдерін қолдануда қандай мәселелер жиі кездесетінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ержан Қалымхановтың айтуынша, татуласу сотқа дейін де, іс сот сатыларында қаралған кезде де даудың ең тиімді шешім болмақ.
Тараптардың бітімге келу келуге қызығушылық танытуына мына негізгі себептерді жатқызуға болады:
1) жауапкер өзінің қарыздары бар екендігін біледі, бітімге келіп, талап қоюшымен сотқа төленген мемлекеттік бажды төлеуден босатылуын қалайды;
2) екі жаққа да қолайлы нұсқада соттың актісі қабылданады (мысалы, қарызды бөліп төлеу;
3) келісімді бекіту туралы ұйғарым тиісті түрде орындалмаған жағдайда талап қоюшының өтініші негізінде соттың атқару парағы беріледі.