дүйсенбі, 1 шілде, 2024 1:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Теледидар ұрлаумен айналысқан ер адам ұсталды

Теледидар ұрлаумен айналысқан ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Теледидар ұрлаумен айналысқан ер адам ұсталды

Тараздық полицейлер теледидар ұрлаумен айналысқан ер адамды ұстады.

Тараз қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімі қаланың мөлтек аудандарындағы пәтерлерден теледидарлар ұрлаған Тараз қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеушілер қысқа мерзімде қылмыстардың толық көрінісін және ұрланған теледидарлардың орнын анықтап, оларды иелеріне қайтарды. Күдікті ұрлықтарды түнде жасаған, атап айтқанда бөгде адамдардың пәтерлеріне кілт таңдау арқылы кіріп, оңай сатылатын теледидарларды ұрлап әкетіп отырған.

Тараз қаласының ПБ қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде қаскүнемді қылмыс орнында ұстап, оның келесі қылмыстық әрекеттерінің жолын кесуге қол жеткізілді. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұрын тонау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бірнеше рет сотты болған. Күдікті ұсталып, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2,3-тармақтары (Тұрғын үй-жайға заңсыз кіру жолымен бірнеше рет жасалған бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сараланды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс айыптау актісімен зерделеу үшін Тараз қаласының прокуратурасына жолданды.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар