Заң

Тіс пастасынан күдікті зат табылды

Тіс пастасынан күдікті зат табылды

Оқиға бүгін Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алды. Ерекше режимдегі мекеменің ережесін бұзғандар сәлем-сауқат арқылы жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған. Мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында күдікті затты байқап, оны жіті тінту кезінде 2 тіс жуатын пастаның ішінен барлығы 8 пластикалық түтік тауып, олардың ішінде қою-қоңыр түсті, өсімдік тектес иісті зат бар екендігін анықтаған. Атаулы сәлемдеме бұрын сотты болған Ш есімді азаматтан мекемедегі жазасын өтеушінің біріне жолданыпты.  width= Қазіргі таңда сот-сараптамалық талдаудың қорытындысына сәйкес, күмәнді зат 17 грамм «гашиш» есірткісі екендігі анықталып отыр. Қылмыстық дерек бойынша оқиға орнына Тараз қалалық 1-ші полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, заңды бұзған азаматты ары қарай тиісті жазаға тарту үшін жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі