Тоқаев авторлық құқықтар мен тауар белгілеріне қатысты заңға қол қойды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 қараша, 2025
- 244
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Заң зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту мақсатында әзірленді және бірқатар шара қабылдауды қарастырады.
Соның ішінде:
– көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған шығармаларды авторлардың рұқсатынсыз және оларға сыйақы төлемей-ақ көпшілік алдында орындауына, таратуына, жалпыға жеткізуіне мүмкіндік беру;
– тауар белгілерін тездетіп тіркеуді енгізу. Қазір тіркеу 7 ай ішінде жүргізіледі. Заң ақылы түрде тіркеу тетігін енгізуде, соның нәтижесінде уақыт 4 айға дейін қысқарады. Бұл тауар белгілерінің иелеріне өз тауарларын нарыққа тезірек шығаруына жағдай жасайды;
– тауар белгісін тіркеуге қатысты шағымдану мерзімін ұлғайту. Қазіргі уақытта шағымдану мерзімі – 1 ай. Заң бұл мерзімді 2 айға ұлғайтпақ.
– авторлар мен құқық иелерінің шағымы бойынша авторлық және сабақтас құқық объектілерін қолдануды әділет органдарының жоспардан тыс тексеруі арқылы мемлекеттік бақылау енгізу көзделген;
– ұжымдық құқықтық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформа енгізілмек.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
t.me/aqorda_resmi
617 млрд теңгеден астам жәрдемақы кімдерге үлестірілді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2025
Жетісу облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2025






