сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Учаскелік инспекторларға қызметтік көліктер берілді

Учаскелік инспекторларға қызметтік көліктер берілді
ашық дереккөзі
Учаскелік инспекторларға қызметтік көліктер берілді

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да полиция қызметкерлеріне үлкен сенім артатынын айтып, учаскелік инспек­тор­ларға қатысты өз бастамасын ұсын­­ды. «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған орай учаскелік инспектордың рөліне баса мән берілетін болады. Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн. Ол азаматтар қоғам алдында танымал, қолжетімді әрі беделді болуға, солардың құқықтарын қорғауға тиіс» деп құқық қорғау саласындағы жауапты мамандарға маңызды тапсырмалар жүктеді.

 width=

Сол тапсырмалар бүгінде бірте-бірте орындалып та келеді.  Соның айқын дәлелі ретінде Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылының орталық алаңында ұйымдастырылған іс-шараны атап өтуге болады. Шарапаты мол іс-шара барысында аудандағы 21 учаскелік инспектордың әрқайсына қызметтік автокөліктердің кілттері табыс етілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, аудан ардагерлер ұйымының төрағасы Қожайхан Бижанов, аудан әкімінің орынбасары Жандос Ордабаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Қайрат Қапаров, аудандық полиция бөлімінің жанынан құрылған ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Еділхан Жақсығұлов және аудандық полиция бөлімінің жеке құрамының қызметкерлері қатысты.

 width=Шара барысында саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі, жеткен жетістері баяндалып, келген қонақтарға сөз берілді. Алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында қызмет атқарып жүрген бөлімнің қызметкерлеріне өз алғысын жеткізді. «Аудан тұрғындарының конституциялық құқығын қорғау мақсатында атқарып жатқан жұмыстарыңыз ұшан-теңіз. Біз оны біліп те, естіп те жүрміз. Аудан аумағында қылмыстық іс-әрекеттердің азаюы сіздердің нәтижелі жұмыстарыңыздың жетістігі деп білемін. Соңғы кездері еліміз бойынша құқық қорғау саласына ауыз толтырып айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Оны бүгінгі іс-шарадан-ақ анық аңғаруға болады» деп учаскелік инспекторлардың жұмысына табыс тілеп, қызметтік көліктердің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Айта кету керек, аталмыш қызметтік көліктер соңғы үлгіге сай жабдықталған. Көлік ішінде учаскелік инспекторларға қажетті құрылғылардың барлығы да орналастырылған. Алдағы уақытта сала басшылары қажетті қосымша құрылғыларға тапсырыс беріп, қызметкерлерге үлестірмек ниетте. Бұл туралы аудан әкіміне полиция бөлімнің басшысы Қайрат Қапаров мәлімдеді. Полиция полковнигі бүгінгі таңда учаскелік инспекторларға айрықша көңіл бөлініп отырғандығын айта келіп, алдағы уақытта аудан аумағында қосымша бейнебақылау жүйесін орнатуды көздеп отырғандығын алға тартты. Көліктердің жылдамдығын және аумақты бақылайтын камера келесі жылы ауданның алты бірдей аумағына қойылатынын жеткізді. Жиын барысында Қожайхан Бижанов, Еділхан Жақсығұловтар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Салтанатты жиынға қатысушылар мемлекет тарапынан берілген автокөліктер абыройлы қызмет атқаруға өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар