Заң

Қызыл кітапқа енген сексеуілді кескен азамат ұсталды

Қызыл кітапқа енген сексеуілді кескен азамат ұсталды

Мойынқұм ауданының ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Мойынқұм ауылының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Газель» маркалы автокөлігін тексеру барысында 2 текше метр сексеуіл тапты.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды.

Тәркіленген сексеуіл процессуальдық шешім қабылданғанға дейін Мойынқұм ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қоймасына сақтауға тапсырылды.

Биологиялық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Кәмшат ҚАДЫР