Заң

Қызыл кітапқа енгізілген үнді жайрасын аулаған браконьерлер ұсталды

Қызыл кітапқа енгізілген үнді жайрасын аулаған браконьерлер ұсталды

Жамбыл облысында браконьерлер Қызыл кітапқа енгізілген үнді жайрасын ұстап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында 2020 жылғы 12 қазанда  ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Охотзоопром” РМҚК қызметкерлерімен  бірлесіп, “Шілік” су қоймасының жанында Меркі ауылының 59 жастағы және 68 жастағы екі тұрғынын ұстады.

Олар басқарып келе жатқан “Нива” маркалы автокөлігін тексеру барысында автокөлік салонынан жануарларды аулауға арналған тұзақ, ас үй пышағы, пластикалық құбыр және үнді жайрасы табылды.

Үнді жайрасы жойылып кету қаупі бар және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануар болып табылады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.