Заң
Қызылордада бюджет қаражатын қолды қылған есепші 3 жылға сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 9 шілде, 2024
- 502
Ол 2,7 млн теңгені қалтаға басқан
Қызылорда облысында бюджет қаражатын қолды қылған есепші 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, Арал ауданында «Бөген» ауылдық клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру нәтижесінде клуб есепшісі 2,7 млн астам қызмет бабын пайдалана отырып жымқырғаны анықталған.
- Аталған дерек аудандық прокуратурамен СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен тіркеліп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Арал аудандық сотының 27.05.2024ж. үкімімен кінәлі тұлғаға 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді, делінген ресми хабарламада.
Келесі мақала