сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 20:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Заңсыз көші-қон": Алматыда бір бөлмелі пәтерде 109 адам тіркелген

"Заңсыз көші-қон": Алматыда бір бөлмелі пәтерде 109 адам тіркелген
Фото: Polisia.kz
Алматы прокуратурасы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру дерегін анықтады.

Тексеру барысында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамның тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Прокуратура мәліметінше, пәтер иесі азаматтарды сыйақы алу мақсатында жалған тіркеуге қойған.

Аталған дерек бойынша пәтер иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабы – «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Алматы прокуратурасы мұндай әрекеттердің қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертті. Қадағалау органы азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар