Заң

Жүгенсіз кеткен жеткіншектерді жөнге салды

Жүгенсіз кеткен жеткіншектерді жөнге салды

Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, қала әкімдігінің білім бөлімі, мектеп әкімшілігі және жергілікті полиция қызметкерлері түнгі уакытта бірқатар ойын-сауық мекемелеріне рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейд барысында 18 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде, 16 жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілінсіз үйден тыс жерде жүруіне байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-ші бөлігіне сәйкес олардың заңды тұлғаларына ескерту туралы әкімшілік хаттама толтырылды.

Рейдтік іс-шара жүргізу барысында Абай көшесі бойында орналасқан "COALA" дәмханасында 1 жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемесінде болғаны анықталып, оның заңды өкілдері Арқалық қаласында болуына байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар, "COALA" дәмханасының әкімшілігіне қатысты аталған Кодекстің 132-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.