Заң

Жамбыл облысының полициясы алаяқтардан сақтайтын жедел желі нөмірін іске қосты

Өңірдегі интернет алаяқтықтың көбі тауарлық және ақшалай несиелерді рәсімдеумен байланысты екені белгілі болды

Жамбыл облысында цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрес бойынша "Киберпол" арнайы тобының жедел желісі іске қосылды, деп хабаралайды Jambylinfo.kz.

Енді сіз интернет-алаяқтарына тап болсаңыз 8-7262-99-74-56 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрай аласыз.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, қылмыстардың көпшілігі тауарлық және ақшалай несиелерді рәсімдеумен байланысты.

Ресми дерекке сүйенсек, таяуда жедел уәкілдер 45 жастағы тұрғынға банктің мобильдік қосымшасы арқылы 800 000 теңге сомасына тұтынушылық несие ресімдеу арқылы ол ақшаны қолма-қол ақшаға ауыстырып берем деген 21 жастағы күдіктіні ұстаған. Күдікті өз кінәсін толық  мойындаған. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.