жұма, 22 қараша, 2024 23:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыла есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Жамбыла есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
ашық дереккөзі
Жамбыла есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Таразда Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысып келген қылмыстық топ ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 9 адамға қатысты сот ісі аяқталды.

Сотталушылар 10 жылдан 17 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айында ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан адамдар тобын әшкерелеп, ұстаған болатын.

– Жамбыл облысы аумағында және Нұр-Сұлтан қаласында жалпы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының ПД қызметкерлері 9 күдіктіні ұстады. Кейінгі тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 келі марихуана есірткі заты табылды.

Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері келісім бойынша шекарада марихуананы қабылдап, сатып алып отырғандығы анықталды. Мұдан соң кейіннен оны неғұрлым тиімді бағамен сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған. Қазіргі уақытта барлық сотты болғандар жазасын өтеп жатыр, – деді өз сөзінде Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметов.

Жалпы, биыл облыс бойынша барлығы 508 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде 85 өткізу, 46 аса ірі көлемде есірткіні сақтау, 3 контрабанда және 26 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру дерегі тіркелген.

Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар