Заң

Жамбылда 39 жылқы ұрлағандар ұсталды

Қазіргі таңда полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Polisia.kz  жазғандай, сәуір айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысы Сарысу ауданында жылқыларды ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды.

Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта Газель көлігімен келіп, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.