сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 19:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда буллинг жасаған оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

Жамбылда буллинг жасаған оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды
Фото: Polisia.kz
Қаулылар заңды күшіне енді.

Сот кәмелетке толмағандарға буллинг жасағаны үшін үш ата-ананы жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мойынқұм аудандық соты ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 1-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу — буллинг, кибербуллинг) бойынша 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Соттың анықтауынша, 2025 жылдың желтоқсан айында Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылындағы орта мектептің үш кәмелетке толмаған оқушысы басқа оқушыларға жүйелі түрде қысым көрсетіп, оларды түрлі жұмыстарды орындауға мәжбүрлеген. Аталған әрекеттер буллинг, оның ішінде кибербуллинг ретінде бағаланды.

Құқық бұзушылардың кінәсі әкімшілік хаттамалармен, оқиға туралы хабарламалармен, жәбірленушілердің заңды өкілдерінің жазбаша арыздары мен түсініктемелері арқылы дәлелденді.

Сот отырысында үш баланың ата-аналары кінәларын толық мойындап, кешірім сұрап, болашақта мұндай жағдайға жол бермейтіндерін мәлімдеді. Жәбірленуші тараптың ата-аналары да істің мән-жайын растап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұрады.

ӘҚБтК-нің 127-2-бабы 1-бөлігіне сәйкес, ескерту жасау немесе 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Құқық бұзушылықтың сипатын, ата-аналардың жеке басын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде — 43 250 теңге айыппұл тағайындады.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар