жұма, 22 қараша, 2024 18:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр

Жамбылда департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
ашық дереккөзі
Жамбылда департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

«Ол қарамағындағы қызметкерден оны департамент бастығының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдем көрсету үшін алынған 2 млн теңге сомасындағы параны лауазымды тұлғаларға беруге итермелеу және алаяқтық күдігі бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы тергелуде. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа берілді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

inform.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар