дүйсенбі, 1 шілде, 2024 1:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық полицейлер ұрланған 26 бас жылқыны тапты

Жамбылдық полицейлер ұрланған 26 бас жылқыны тапты
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер ұрланған 26 бас жылқыны тапты
2020 жылдың 11 желтоқсанында Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны Тұрар Рысқұлов ауданының жайылымынан белгісіз адамдардың 26 бас жылқыны ұрлағаны туралы арызданған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының полицейлері мал ұрлығы үшін бұрын екі рет сотты болған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады.
Қазіргі уақытта аталған қылмысқа басқа адамдардың қатыстылығы, сондай-ақ күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Жылқылар иесіне қайтарылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар