Заң

Жамбылдық полицейлер заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Жамбылдық полицейлер заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

– тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтаудың екі дерегі; - жалпы салмағы 2,5 келі есірткі заттарын сақтаудың 4дерегі; - жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді алып жүрудің 1 дерегі және суық қаруды алып жүрудің 1 дерегі.

«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 1 921 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты 48 құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, ұсақ бұзақылық үшін – 211 адам, спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 92 адам ЦВАиД -ға орналастырылды және 19 адам қабылдау–тарату орнына қамалды; қарсы жолаққа шығу – 5; қауіпсіздік белдігі тағылмаған көлік құралын басқару – 263; жаяу жүргіншілерге жолда артықшылық бермеу – 74; жаяу жүргіншілердің жүру қағидаларын бұзудың 342 дерегі анықталды . baq.kz