дүйсенбі, 1 шілде, 2024 1:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар заңсыз сақталған 200-ге жуық атыс қаруын өз еркімен тапсырды

Жамбылдықтар заңсыз сақталған 200-ге жуық атыс қаруын өз еркімен тапсырды
ашық дереккөзі
Жамбылдықтар заңсыз сақталған 200-ге жуық атыс қаруын өз еркімен тапсырды
Жамбыл облысынның тұрғындары заңсыз сақталған 178 бірлік қаруды тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды пайдалануға байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысының аумағында 2020 жылғы 1 шілдеден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акция өткізілді. «Акцияны өткізу кезеңінде Жамбыл облысының тұрғындарынан заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын тапсыру туралы 103 өтініш түсті, 178 бірлік атыс қаруы тапсырылды, оның ішінде 18 бірлік ойық ұңғылы, 158 бірлік тегіс ұңғылы және 2 бірлік травматикалық қару. Тапсырылған атыс қаруы үшін жалпы сомасы 10 миллион 436 мың 946 теңге ақшалай сыйақы төленді, – деп Жамбыл облысы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Шухратжон Юлдашев мәлімдеді. ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес 2021 жылы Жамбыл облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізу жоспарлануда, акцияны өткізу үшін 10 миллион 404 мың теңге бөлінді. Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әрбір бірлігіне 29 мың 70 теңгеден, 291 мың 700 теңгеге дейін сомасында ақшалай сыйақы төлеу көзделеуде. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау Жамбыл облысы ПД қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде жүргізілетін болады. Бұл ретте тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар