Заң

Жасөспірімдерді жұмысқа жеккендер жазаға тартылады

Жасөспірімдерді жұмысқа жеккендер жазаға тартылады

Тараз қаласы прокуратурасының бастамасымен жергілікті полиция қызметкерлері және Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қатысуымен күндізгі рейд жүргізілді. Рейд жүргізудегі басты мақсат - қала аумағында жұмыс берушінің кәмелетке толмағандарға еңбек шартын жасамастан жұмысқа жіберуі деректерін анықтау. ⠀ Нәтижесінде, 13 нысанда кәмелет жасқа толмаған 16 жасөспірім заңсыз жұмыс істеп жатқаны анықталды. ⠀ ⠀ Аталған заң бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-тің 86-бабының 3 бөлігіне сәйкес, еңбек инспекциясына 13 обьектінің әкімшілік жауапкершілігін қарастыру бойынша ұсыныстың жобасы әзірленуде. ⠀ ⠀ Сонымен қатар, өткен аптада жоғарыда аталған комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібі бойынша 2 мәселе қаралды. Отырыс комиссиясы мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша 1 кәмелетке толмаған баланы арнайы мектепке ауыстыру және 1 ата-анаға бала алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында 1 ай сынақ мерзімін беру туралы шешім қабылданды.