Жемқорлық туралы хабарлаған 2 адамға 730 мың теңге сыйақы берілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 қыркүйек, 2025
- 538
Қазақстанда өткен тамыз айының ішінде 50-ден аса сыбайлас жемқорлық анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҰҚК мәліметінше, 2025 жылғы тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 51 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде пара алу – 17, пара беру – 18, делдалдық – 3 дерек.
Сондай-ақ лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу сияқты фактілер де бар.
Сотқа 29 қылмыстық іс жолданды
Агенттік қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 29 істі сотқа жіберді. Олардың ішінде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену, алаяқтық, пара алу және пара беру фактілері басым.
Жемқорлық туралы хабарлағандар марапатталды
Тамыз айында сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлаған 2 азаматқа 730 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. ҰҚК бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйекке дейін жалғасады
Ұқсас жаңалықтар
Алаяқтық бойынша іздеуде жүрген қазақстандық Түркияда ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:23
Алматыда есірткі тасымалдады деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қаңтар, 2026






