Жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті
Жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті
Жамбыл облысында трассадағы жол апатынан бір адам қаза тауып, көлікте қысылып қалған бес адам құтқарылды.
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, Жуалы аудандық №7 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Алматы-Ташкент тас жолының 581-шақырымында «Mercedes» жеңіл көлігі көктайғақ салдарынан жол шетіне шығып кетіп, аударылғаны туралы хабар түскен.
«Көлік ішіндегі адамдар қысылып қалған. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем мамандары жіберілді. Апаттан құтқару мандарының және № 7 ӨСБ-нің шұғыл іс қимылының арқасында 5 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Бір ер адам оқиға орнында қаза болды», - делінген ведомство ақпаратында.
Аталған департамент мамандары жүргізушілер мен жолаушыларды жолда абай болуға, жылдамдықты тиісті шектен асырмауға шақырады.