Заң

Жол құрылысын жүргізген мердігерден пара алған шенеуніктер сотталды

The final spritzer

Олар бұлтартпас дәлелдер болса да кінәсін мойындамаған

Сот актісімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі орынбасарының және ТҮКШ бөлімі басшысының  жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алғаны анықталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Прокуратура дерегіне сүйенсек, атқамінерлер бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын  мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген. Алайда, мемлекеттік айыптау пара беру және алу фактілерін даусыз дәлелдепті.

Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде  өтейді.

2025 жылғы 14 ақпанда соттың үкімі заңды күшіне енді.