1 шілдеден бастап Гродеково ауылындағы ХҚКО бөлімшесі жұмысын тоқтатады
Тараз қаласында 3 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы бойынша филиалының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Гродеково ауылы, Мира көшесі, 88Б мекенжайында орналасқан Жамбыл аудандық бөлімінің халыққа қызмет көрсету бөлімшесі жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін азаматтарға Абай даңғылы, 232 мекенжайында орналасқан Тараз қалалық «Жібек жолы» ауданының №2 ХҚКО-ға жүгіну ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ Тараз қаласында 3 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді: Әулиеата аудандық №1 ХҚКО– Төле би көшесі, 89 Г; Әулиеата аудандық №2 ХҚКО– Рысбек батыр көшесі, 14а; Жібек жолы аудандық №1 ХҚКО – Алатау шағын ауданы, 16 А. Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Әулиеата ауданының №1 халыққа қызмет көрсету орталығы кезекшілік кестесіне сәйкес жұмыс істейді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Бұдан бөлек, қалада 2 мамандандырылған ХҚКО бар: №1 мамандандырылған ХҚКО – Төле би көшесі, 198А; №2 мамандандырылған ХҚКО – Қойгелді көшесі, 158А. Екі мамандандырылған орталық та кезекшілік кестесіне сәйкес жұмыс істейді: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.