дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

10 көлік соқтығысып жол көлік апаты орын алды

10 көлік соқтығысып жол көлік апаты орын алды
ашық дереккөзі
10 көлік соқтығысып жол көлік апаты орын алды
2022 жылы 15 маусымда сағат түнгі 03:00-де Республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 544-ші шақырымында Тараз қаласы бағытында келе жатқан Scania жүк көлігінің тіркемесі өздігінен жанып кетті. Қатты өрт үлкен аумаққа жайылып, қозғалысқа кедергі келтіргендіктен, көліктердің қозғалысы тоқтатылды. Одан кейін сағат 03.40-та жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр қалғанда DAF жүк көлігінің жүргізушісі келесі бағытта жолда тұрған 10 көлікпен соқтығысты. Соқтығысқаннан кейін 4 көлік өртенді: DAF жүк көлігі, Van Hol және Audi 2 жолаушылар автобусы Оқиға салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, 9 адам түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді, оның 3-уі жансақтау бөліміне жатқызылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар