дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

157 оттегі концентраторын тарту етті

157 оттегі концентраторын тарту етті
ашық дереккөзі
157 оттегі концентраторын тарту етті
Осыдан бірер күн бұрын «Шұғыла» қоғамдық қорының «Фейсбук» парақшасында «Өмір сыйла» акциясы бойынша қорда біршама жұмыстың атқарылып жатқаны жарияланды. Соның бірі ретінде 23 шілдеден бастап республикамыздың түкпір-түкпіріне оттегі концентраторларының алғашқы партиясы жеткізіле бастағаны айтылған. Алайда ол демде таратылып кеткендіктен, 26 шілде күні Атырауда қабылданып алынған екінші лекті облыс-облысқа тарату жұмысы қолға алынған. Атап айтқанда, аппараттар Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облысына қарай бет алатыны жазылған еді. Соның дәлелі – 28 шілде күні Жамбыл жеріне 157 оттегі аппараты әкелінді. Өкпені жасанды желдету құрылғысы әзірге Тараз қалалық №5 емханаға жеткізілді. Алдағы уақытта олар облыстағы 19 медициналық мекемеге таратылады деді ұйымдастырушылар. Айта кеткен ләзім – бұл ізгілікке басқа да кәсіп иелері атсалысты. Олардың қатарында «Өркениет» қоғамдық қоры, «Тәтті себет» сауда орталығы мен «Әулиеата-Феникс» құс фабрикасы бар. Естеріңізде болса, коронавируспен күресте медицина саласына демеушілік еткен жергілікті кәсіпкерлер мен осы өңірдің тумалары мұның алдында қырыққа жуық аппаратты сыйға тартқан еді. Қолы ашық, жаны жомарт азаматтар енді қайырымды істі әрі қарай да жалғастырып, оттегі концентраторын 240 данаға жеткізбек ниетте. Сауапты іске атсалысқан барлық жанға алғысымыз шексіз. Бұйыртса, осы аппараттармен көптеген науқас еміне шипа табады деп ойлаймыз, – дейді «Өркениет» қоғамдық қорының директоры Ақжол Базаров. Альмира ОМАРОВА
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар