18 мыңнан астам мұғалім тегін курстан өтті
18 мыңнан астам мұғалім тегін курстан өтті
Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстар өтіп жатыр. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 18 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті. Курстар осы жылдың тамыз айында басталған болатын. Бұл курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері әзірлеп, өткізіп жатыр. Орталық 40 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін «Өрлеу» орталығының 70-тен астам маманы 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірлеген болатын. Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан тегін өте алады. Курстар қараша айының соңына дейін жалғасады. Курстың соңында оқытудың тиімділігіне талдау мен мұғалімдердің алған біліміне қорытынды бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ мұғалімдер міндетті түрде тест тапсыруы керек. Барлық бөлім бойынша шекті балл жинаған мұғалімдер сертификат алады.