Биыл тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары жылдағыдан ерте, яғни 15 қыркүйекте басталды. Бір аптада Жамбыл облысы бойынша 19 мыңға жуық азамат вакцина қабылдаған, – деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірдегі медициналық ұйымдар сапалы әрі тиісті зертханалық сынақтан өткен вакцинамен қамтылғанын көрсету үшін медицина мекемелерінің қызметкерлері екпені өздеріне бірінші болып салдырды.
Күз айларында ЖРВИ мен тұмаудың өршитіні мәлім. Биыл халықты вакцинациялау – аса маңызды. Өйткені, коронавирус инфекциясы тұмаумен қабаттасып, эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы мүмкін.
Вакцина – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің пакетіне кіреді және халықтың белгілі бір тобы үшін тегін жүргізіледі. Атап айтқанда, созылмалы ауруы бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдер мен балалар үйлері және мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілеріне, мүгедектер мен созылмалы ауруы бар адамдарға, 60 жастан асқан қарияларға тегін салынады.
Тұмауға қарсы жоспарлы екпе егу жұмыстары қараша айына дейін жалғасады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
"Абай жолы" видеожобасының бірінші томы аяқталды
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024