Жамбыл жаңалықтар

«200 миллион теңге бөлінді» Биыл Жамбылда қанша адам баспаналы болады

Бүгінгі күнге дейін пәтер алу кезегінің тізіміне 21 286  азамат тіркелген

Тараз қаласының билігі биыл бюджет есебінен 200 миллион теңге бөліп, «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында 198 азаматқа тұрғын үй сертификатын рәсімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Тараз қаласы әкімдігінің  тұрғын үй  қатынастары бөлімінің бас маманы Бекнұр Естайбековтың сөзінше, биыл 6 санат бойынша азаматтарға мемлекеттік қордан 68 пәтер беріледі. Өткен жылы да баспанамен қамту көрсеткіші осындай болған. Ал, «Тұрғын үй-коммуналдық инфроқұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сай 108 пәтер пайдалануға берілген. Оның ішінде 13 пәтер көпбалалы отбасыларға бұйырған.

Сонымен қатар, халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.