Жамбыл жаңалықтар

24 отбасы солтүстікке қоныс аударды

24 отбасы солтүстікке қоныс аударды

Өткен жылы Байзақ ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі арқылы кәсіптік оқытуға 25 адам «Гидропоника» мамандығы бойынша 3 ай мерзімге оқуға жіберілді. Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада – қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі. Оқуды аяқтаған 22 азамат қайтарымсыз грант алды.

Жұмыспен қамту шараларының бірі-солтүстікке қоныс аудару. Бұл шараның басты мақсаты – жұмыс күшін толықтыру. Бұл шара бойынша ауданымыздан 24 отбасы солтүстікке қоныс аударды. Қоныс аударған азаматтарға жұмыс қарастырылады. Атап айтқанда баспанамен қамтамасыз етіледі, 1 жылға дейін мемлекет тарапынан пәтерақысы төленеді, балабақша мен мектепке орналасуға жәрдемдеседі, әр отбасы мүшесіне көшуге қайтарымсыз көтерме ақша 2020 жылы 97 230 теңге есептелінсе, 2021 жылы 204 190 теңгеден есептелінеді.

2019 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Ол салық органдарында формальды емес жұмыспен қамтылғандар қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейді. Ол төлемнің төрт міндетті түрін, атап айтқанда, жеке табыс салығы (ЖТС), мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдарды біріктіреді.

 Бірыңғай жиынтық төлем табыс алынған әр ай үшін жеке-жеке төлеу қажет. БЖТ-ді Қазақстанның кез келген банкінің кассаларында, сондай-ақ, "Қазпошта" бөлімшелерінде төлеуге болады. Ол үшін өзінің жеке куәлігі болу керек. 2020 жылы бірыңғай жиынтық төлем 1325,50 теңгені құраса, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 1458,50 теңгені құрайды.

 

Айдана Саулебаева, Сәрсен Саменбаев,

Байзақ ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары.