Жамбыл жаңалықтар

3 күнге созылған «Тараз қаласына жаңа серпіліс» атты инновациялық жобалар байқауы өз мәресіне жетті

3 күнге созылған «Тараз қаласына жаңа серпіліс» атты инновациялық жобалар байқауы өз мәресіне жетті

 

          Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен өткізілген 3 күнге созылған «Тараз қаласына жаңа серпіліс» атты инновациялық жобалар байқауы өз мәресіне жетті.

            Жобаның мақсаты - Егеменді еліміздің белсенді жастарының Қазақ мемлекеттілігі, тәуелсіздік құндылықтары мен мәңгілік ел идеясы төңірегіндегі ойларын бір арнаға тоғыстыру;

Азаматтық жауапкершілігі зор, интеллекті жоғары, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту;

Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен рөлін арттыру;

Жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып оларды жаңа ұсыныстар мен тың идеялар туындатып, оны тиімді пайдалануға үйрету;

Жастарды кәсіпке баулу, тәжірибелерін арттыру.

          Жобаға облыс және қала аумағынан 29 команда бақ сынасты. Жоба аясында жастар арасында сұранысқа ие және өз саласында тәжірибесі жоғары кәсіпкерлер мен менторлар, мемлекеттік мекеме өкілдерінен құралған спикерлер тобы қатысушыларға Тараз жайлы, фестиваль жайлы, фестиваль бағдарламасы, жоба жазу және ұсыну туралы мобилография, SMM бойынша бизнес, жоба жазу және қорғау, ораторлық өнер бағыттары бойынша оқытылды. Жобаның ерекшелгі екінші кезеңде. Екінші кезеңде оқытудан өткен қатысушыларға Тараз қаласын аралау үшін 24 сағат уақыт беріліп, қалаға экскурсия жасалды. Ондағы мақсат Тараз қаласына қажетті немесе қаладағы проблема деп тапқан мәселені шешу жолында қатысушылар тарапынан жаңа, тың идеяларға толы бизнес және инновациялық жобалар туындату.

 Жобаның іріктеу кезеңіне 29 команда қатысып, финалдық бәсекеге 8 команда өтті. «Тараз қаласына жаңа серпіліс» атты инновациялық жобалар байқауы өткізіліп жергілікті әкімдік өкілдерінен,кәсіпкерлік палаталары, кәсіпкерлер мен инверторлардан құралған сарапшы топ өкілдері төрелік етіп «Үздік жобаларды» анықтады.

 width=