бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 13:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«33 миллион теңге алаяқтыққа қатысы бар». Таразда полицейлер күдікті әйелді ұстады

«33 миллион теңге алаяқтыққа қатысы бар». Таразда полицейлер күдікті әйелді ұстады
Фото - ашық дереккөз
Ол облыс орталығынан кеңсе ашып, әлеуметтiк желiлердегi жарнамалар арқылы құрбандарды тапқан

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен 35 жастағы Тараз тұрғынын бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек, ол облыс көлемінде азаматтарға «қайтарымсыз несие» беремін деп уәде берген. Әйел микроқаржы ұйымдарында заңгер болып жұмыс істегенін және өзін осы саланың білікті маманы екенін айтқан. Осылайша, ол 71 азаматтың сеніміне кіріп, алдау арқылы жалпы сомасы 33 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Жәбірленушілер арасында тек тараздық емес, Жамбыл облысының аудандарында тұратын тұрғындар да бар.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Қазіргі уақытта дәлелдемелер жинауға және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті, егер сіз аталған азаматшаның әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, тұрғылықты жеріңіздегі полиция бөліміне жүгінуді сұрайды,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар